Қызылорда облысы Мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы тағайындалды
ҚР Қаржы министрлігі ведомстволарының Қызылорда облысының бөлімшелерінде қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды уақтылы жою мәселесі бойынша кеңес өткізілді.
Кеңес барысында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі аппаратының басшысы Абзал Бейсенбекұлы жаңа басшы, бұрын министрліктің Мемлекеттік кірістер комитеті Кадр және ішкі әкімшілендіру департаментінің директоры қызметін атқарған Ғани Мырзағабылұлы Амановты таныстырды.
Ғани Аманов 1979 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.
Білімі мен білігі:
әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің 2020 жылы "құқықтану" мамандығы бойынша бакалавриатын;
2002 жылы магистратурасын;
2019 жылы "мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек өтілі:
Еңбек жолын 2003 жылы Алматы облысы бойынша Салық комитетінде салық инспекторы ретінде бастап, бас маман, бөлім басшысы, басқарма басшысы, облыстық департамент басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
2009 жылдан бастап "Астана-Жаңа қала" салық департаменті басшысының орынбасары, 2010-2014жылдары – Алматы қаласы бойынша Салық департаменті басшыcының орынбасары, 2014-2015 жж. – ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінде басқарма басшысы.
2015-2021 жылдары квазимемлекеттік сектор компанияларында басшылық қызметтерін атқарған.
2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ҚМ МКК Кадрлар және ішкі әкімшілендіру департаменті директоры қызметін атқарды.
Марапаттары:
"Ерен еңбегі үшін" медалімен, "Салық қызметінің үздігі" төсбелгісімен наградталған.
Абзал Бейсенбекұлы қарамағындағылардың сыбайлас жемқорлық үшін аумақтық бөлімшелердің бірінші басшыларының дербес жауапкершілігін атап өтіп, барлық деңгейлерде сыбайлас жемқорлыққа тиімді қарсы іс-қимыл жасау, салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру, сондай-ақ мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту жөнінде шаралар қабылдау үшін кешенді жұмысты іске асыру бойынша бірқатар нақты міндеттерді белгіледі.