Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшысы тағайындалды

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.08.2022 19:08 Сурет: Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі
Құлмұханбет Исаков Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

17 тамыз күні Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Слямов Алматы облысының Әкіміне және облыстағы мемлекеттік органдар басшыларына, Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына Құлмұханбет Исаковты таныстырды.

Исаков Құлмұханбет Мырзахметұлы 1969 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданы Андреевка ауылында дүниеге келген, салық органдарындағы еңбек жолын 1992 жылы бастаған.

Еңбек өтілі:

Алматы қаласы бойынша Салық комитетінде түрлі қызметтер атқарған.

Алматы облысы бойынша Салық департаменті басшысының орынбасары, Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып жұмыс істеді.

  • 2017 жылдан 2019 жылдың мамыр айына дейін Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы;

  • 2019 жылғы мамырдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 17.08.2022 жылғы бұйрығымен Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: