Жаңалықтар тізбегі
0

Есірткі диллерлері жастарды "бай боласың" деп қылмысқа тартады

Есірткі диллерлері жастарды "бай боласың" деп қылмысқа тартады, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2023 13:51 Сурет: Ішкі істер министрлігі
ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басқармасының жедел уәкілі Данияр Оралов есірткі диллерлері OLX, HeadHunter сияқты жарнама сайттарында жастарды есірткі жасыру жұмысына шақыратынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.


Данияр Ораловтың мәліметінше, 2022 жылы есірткі тасымалдаумен, оны жасырумен және сақтаумен айналысқан кәмелетке толмаған 25 жасөспірім ұсталған.

"Балалықпен, білместіктен мұндай қадамға барды деп ақтауға болатын шығар, бірақ заң – барлығына ортақ. Қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталады. Есірткі диллерлері OLX, HeadHunter сияқты жарнама сайттарында жастарды "бай боласың" деп есірткі жасыру жұмысына баурап алады. "Аз уақытта ақшаға көмілесің", "кез-келген уақытта бұл бизнестен шыға аласың" деп желпіндіреді", - деді Ішкі істер министрлігі өкілі.

Ол есірткі сақтағандарға, оны таратумен айналысқандарға жаза ауыр екенін ескертті.

"Ата-аналар балаларыңыздың немен айналысатынын, кіммен араласатынын үнемі тексеріп, бақылап отыруыңыз өте маңызды. Қылмыстық кодекстің 296, 297-бабтарына сай, 3 жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айыру көзделген", - деп ескертті Данияр Оралов.

Биыл жыл басынан бері есірткінің заңсыз айналымына байланысты 420 қылмыс анықталды, оның ішінде 265 өткізу және 76 заңсыз сақтау фактісі бар. Заңсыз айналымнан 755 келі есірткі, оның ішінде 270 келі «марихуана», 93 келі «гашиш» және 105келі синтетикалық есірткі тәркіленді. ҚК 262-бабы 1-тармағы "ҰҚТ ұйымдастыру және қатысу" бойынша қылмыстық іс қозғалып 8 қатысушысы қылмыстық жауапкершілікке тартылды, 85 келіден астам есірткі тәркіленді.

Синтетикалық есірткінің заңсыз айналымының жолын кесу бойынша тұрақты негізде іс-шаралар өткізіледі. Жыл басынан бері 7 нарколаборатория жойылып, пайдалануға дайын 90 келі астам есірткі және 1,5 тоннадан астам прекурсорлар тәркіленді.

2022 жылы "Кибернадзор" АЖ арқылы 1996 есірткі сайтының жұмысына шектеу қойылып, оның 1493 бұғатталды. Жылдың басынан бастап 179 интернет парақшалары мен сайттаршектеуге жіберіліп, 69 бұғатталды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: