Синоптиктер алдағы үш күнде Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болатынын айтты

Қазақстан, ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2023 15:36 Сурет: pixabay
Синоптиктер 28 ақпан – 2 наурыз аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларының ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

28 ақпан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 0-2 аяз.

1 наурыз – көшпелі бұлтты, түнде қар жауады, жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде 3-5 аяз, күндіз 0-2 жылы.

2 наурыз – көшпелі бұлтты, өткінші жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын қар. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде 0 градус шамасында, күндіз 0-2 градус жылы.

Алматы

28 ақпан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5 аяз, күндіз 8-10 жылы.

1 наурыз – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2 аяз, күндіз 10-12 градус жылы.

2 наурыз – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2 жылы, күндіз 11-13 жылы.

Шымкент

28 ақпан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 1 аяз-1 жылы, күндіз 12-14 жылы.

1 наурыз – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 14-16 жылы.

2 наурыз – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 17-19 жылы.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: