Синоптиктер үш күнде Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болатынын айтты
Астананың ауа райы болжамы
29 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік бағыттан күші 2-7 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде -3...-5°C, күндіз +2...+4°C.
30 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел екпіні 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -3...-5°C, күндіз +3...+5°C.
1 қазан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел екпіні 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -4...-6°C, күндіз +4...+6°C.
Алматының ауа райы болжамы
29 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпіні 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +9...+11°C, күндіз +18...+20°C.
30 қыркүйек: көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Жел екпіні 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +14...+16°C.
1 қазан: көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр. Жел екпіні 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +6...+8°C, күндіз +10...+12°C.
Шымкенттің ауа райы болжамы
29 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел екпіні 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +7...+9°C, күндіз +24...+26°C.
30 қыркүйек: көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан екпіні 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +21...+23°C.
1 қазан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан екпіні 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +20...+22°C.