Жаңалықтар тізбегі
0

СІМ Шенген визасы туралы: Еуропалық тараптан ресми хабарлама келмеді

СІМ шенген визасы туралы: Еуропалық тараптан ресми хабарлама келмеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2023 17:32 Сурет: Zakon.kz
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров "Қазақстан Шенген визасы бойынша "қара тізімге" енді" деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

СІМ мәліметінше, Еуропалық тараптардан ресми хабарлама келмеді.

"Қазақстан қандай да бір тізімге енді деген сұраққа келсек, еуропалық тараптан ресми хабарлама алмағанымызды айтқым келеді. Дегенмен жұмыс тәртібінде бізге 1 наурыздан бастап Қазақстан шынымен де бұдан былай Шенген визасын беру кезінде қосымша консультацияларды қажет ететін елдер тізімінде болатыны туралы хабарланды", - деді СІМ ресми өкілі.

Сонымен бірге Айбек Смадияров Шенген келісімінде "қара" немесе "қызыл тізім" жоқ екенін және бұл әдеттегі жұмыс процесі екенін атап өтті.

"Өздері түсіндіргендей мұндай қадамды Шенген келісіміндегі елдердің бірі сұрады. Өйткені Еуропалық Одақ ережелеріне сай, Еуропалық Одақ және Шенген аймағы елдері виза алуға өтініш білдірген үшінші елдің азаматтарына қосымша консультацияларды бастауға құқылы. Мұндай консультациялар 7 күнге дейін созылуы мүмкін. Ал визалық өтініштерді жалпы қараудың стандартты мерзімі бұрынғыдай 15 күнге дейін сақталады, яғни іс жүзінде біз азаматтарымызға қатысты ешқандай өзгерістерді күтпейміз. Тізімнің өзі қара тізім деп аталатын тізім емес", - деді Айбек Смадияров.

Азаматтарына қатысты қосымша консультациялар басталуы мүмкін 40 ел кіретін тізім "қара тізім" деп аталмайды. Өйткені олардың арасында Еуропалық одақпен тығыз қарым-қатынасы бар және қауіпсіздік жағынан қолайлы Орталық Азияның барлық елі, мысалы Әзербайжан, Армения, Марокко, Тунис, Иордания, Вьетнам сияқты көптеген ел бар.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: