Индонезияда екі қазақстандық ұсталды, оларға өлім жазасы қаупі төніп тұр: ҚР СІМ не дейді
Фото: pexels
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Индонезияда екі қазақстандықтың ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұған дейін жергілікті БАҚ-та екі Қазақстан азаматына Индонезияда өлім жазасы қаупі төніп тұрғаны туралы ақпарат тараған еді. Оған сүйенсек, олар 2025 жылдың сәуір айында Бали аралында тұтқындалған. Ұсталған кезде олардың жанынан шамамен 49 грамм кристалды метамфетамин табылған. Осылайша, қазақстандықтар есірткі заттарын таратты деген күдікке ілінген. Ал Индонезияда мұндай қылмыс үшін өлім жазасы қарастырылған.
"Индонезияның құқық қорғау органдарының ақпаратына сәйкес, ел аумағында екі Қазақстан азаматы ұсталды. Олар есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікке ілінген. Қазіргі таңда Индонезияның құзыретті органдары аталған азаматтарға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осыған байланысты басқа ақпарат жария етілмейді", – деді Айбек Смадияров бүгін, 26 маусымда.
Ол сондай-ақ Қазақстанның Джакартадағы елшілігі тергеу органдарымен және күдіктілердің туыстарымен байланыста екенін атап өтті.
"Мәселе қазақстандық дипломаттардың бақылауында", – деп түйіндеді Айбек Смадияров.
Бұған дейін Ұлыбритания елшісінің қазақстандағы дипломатиялық миссиясын аяқтағанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript