Индонезияда екі қазақстандыққа өлім жазасы қаупі төніп тұр: сотталғандарды айырбастау туралы келісім жоқ

Пограничные пункты, пограничный пункт, международные пункты пропуска, международный пункт пропуска, пункт пропуска, пункты пропуска, государственная граница, государственные границы, пересечение границы, прохождение границы, переход границы, пограничная зона, погранзона, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.06.2025 12:28 Фото: unsplash
2025 жылғы 26 маусымда Сенатта өткен брифингте Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Индонезияда екі қазақстандықтың ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Спикер қазақстандықтардың ұсталғанын растады:

"Индонезия тарапы біздің азаматтарымыздың ұсталғаны туралы хабарлады. Бұл мәселе – Индонезия тарапының құзырында. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Олар қандай да бір шешімге келген соң, бізге хабарлайды. Біздің елшілік жұмыс істеп жатыр", – деді Әлібек Бақаев.

Ол сондай-ақ сотталғандарды айырбастау туралы екіжақты келісімнің бар-жоғына қатысты сұрақ болғанын атап өтті:

"Бүгінгі таңда мұндай құжаттар қол қойылмаған. 2014 жылдан бері Қазақстан тарапы осындай келісімге келуді ұсынған болатын. Бірақ осы күнге дейін қажеттілік туындамаған еді. Қазіргі таңда қажеттілік пайда болды", – деп түсіндірді вице-министр.

Сондай-ақ ол халықаралық тәжірибеге сәйкес, егер азаматтар консулмен кездесуді қаласа, кездесу тек олардың қалауы бойынша ұйымдастырылатынын айтты:

"Консул өздігінен бара алмайды. Біздің консул олармен байланыста. Олар өздері өтініш білдірді", – деді Әлібек Бақаев.

Еске салсақ, бұған дейін БАҚ Индонезияда екі Қазақстан азаматына өлім жазасы қаупі төніп тұрғанын хабарлаған еді. Жергілікті дереккөздерге сүйенсек, олар 2025 жылдың сәуір айында Бали аралында ұсталған. Олардың жанынан шамамен 49 грамм кристалды метамфетамин табылған. Қазақстандықтарға есірткі тарату айыбы тағылуда, ал Индонезия заңдары бойынша мұндай қылмыс үшін өлім жазасы қарастырылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: