ҚР СІМ Индонезияда ұсталған қазақстандықтар туралы тың мәлімет айтты

ҚР СІМ Индонезияда ұсталған қазақстандықтар туралы тың мәлімет айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2025 19:01 Сурет: Zakon.kz
2025 жылғы 30 маусымда өткен брифингіде ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Индонезияда ұсталған қазақстандықтарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Смадияровтың айтуынша, қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр, сондықтан сот үкімі әлі шықпаған.

"Бұл оқиға (ұсталғаны – ред.) туралы біз көктемде білгенбіз. Қазір біз оларға жақсы адвокаттар табу үшін жұмыс жүргізіп, туыстарымен байланысты ұстап отырмыз. Бұған дейін "Оларды елге қалай қайтаруға болады?" деген сұрақтар қойылды. Бұл тек сот үкімі күшіне енген жағдайда ғана мүмкін. Ал оған екіжақты сотталғандарды беру туралы келісім болуы керек. Өкінішке қарай, Қазақстан мен Индонезия арасында мұндай келісім жоқ. Соған қарамастан, Индонезиядағы біздің дипломаттар жергілікті билікпен өзара түсіністікке келу үшін бар күшін салады", – деді СІМ өкілі.

Смадияров ұсталған азаматтардың жасы, мамандығы немесе Индонезияда қандай жағдайда болғаны туралы нақты ақпараты жоқ екенін айтты.

"Олар – жас жігіттер. Ал олардың туыстары, ашығын айтсақ, егжей-тегжейлі мәліметтің жария болуын қаламайды. Сондықтан нақты айта алмаймын. Иә, әңгіме есірткі таратуға байланысты. Сіздер білесіздер, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде есірткі үшін жаза өте қатаң", – деп қосты ол.

Сондай-ақ ресми өкіл Индонезияда ұсталған азаматтарға өлім жазасының қолданылу қаупі әлі де бар екенін растады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: