СІМ есірткі тасымалдаймын деп ұсталған Қазақстан азаматтарына қатысты тың мәлімет ұсынды

СІМ, есірткі тасымалы, Қазақстан азаматтары, Ресей , сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2024 17:54 Сурет: Zakon.kz/Елисеева Екатерина
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров 3 маусымдағы брифинг барысында есірткі тасымалы бойынша Ресейде ұсталған қазақстандықтарға қатысты мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Смадияров кейбір БАҚ-тарда есірткі тасымалдау бойынша Ресей аумағында ұсталған ондаған қазақстандық туралы ақпарат пайда болғанын атап өтті.

"Бес-алты адамымыз қандай да бір себептермен 50-60 адамға айналып кетіпті. Бұл тұрғыда бұл ақпараттың дұрыс емес екенін толық жауапкершілікпен айта аламын. Иә, 5-6 факті тіркелді, олардың барлығы біздің бақылауымызда. Сондықтан ақпаратты бұрмаламай, дәл жеткізулеріңізді сұраймын. Оларды дереу Қазақстанға алдыртуды талап етіп жатқан ата-аналарды белгілі бір деңгейде түсінемін", - деп толықтырды ол.

СІМ өкілі қылмыс Ресей аумағында жасалғандықтан, оларды сол жақта соттайтынын, ал сотталғаннан кейін ғана Қазақстан аумағында жазасын өтеу үшін ауыстыру туралы сөз қозғауға болатынын нақтылады. 

Сондай-ақ Смадияров күдіктілердің жұмысты есірткі тасымалы бойынша қызмет ұсынатын Telegram-арналар арқылы тапқанын айтты.

"Әрине, бизнестің бұл заңсыз түрі Ресейдің құқық қорғау органдарының назарына ілінген. Олар ұсталды, қазір тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Біз аталған азаматтардың туыстарымен байланыстамыз", - деп сөзін түйіндеді ол.


Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: