Елімізде Астана күніне байланысты демалыс басқа күнге ауыстырылды
Сурет: primeminister.kz
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "2023 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы" үкімет қаулысының жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Демалыс күні 2023 жылғы 1 шілде сенбіден 2023 жылғы 7 шілде жұмаға ауыстырылсын", – деп жазылған құжатта.
Министрліктің түсіндіруінше, демалыс күнін ауыстырудағы мақсат "демалыс күндерінде жұмыс уақытын ұтымды пайдалану".
Сонымен Қазақстан халқы Астана күні 2 күн қатарынан 6, 7 шілдеде демалады.
Аптасына бес күн жұмыс істейтіндерге 8 және 9 шілдеде (сенбі және жексенбі) тағы екі демалыс күні қосылады. Аптасына алты күн жұмыс істейтіндерге жексенбіге бір демалыс күні қосылады.
Құжат 15 наурызға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript