Атырау облысында жол-көлік апатынан төрт адам қаза тауып, үш адам жарақат алды

Атырау облысы, жол-көлік оқиғасы Сурет: Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
28 ақпанда Атырау облысында жол-көлік оқиғасынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға таңертең Ақтөбе – Атырау – Астрахань тас жолының Мақат – Қызылқоға бағытындағы 492 шақырымында болды.

Атырау облысы, жол-көлік апаты

Сурет: Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Полицейлердің айтуынша, Toyota Ipsum көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, қарсы бетке шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысқан.

"Салдарынан 4 адам қаза тапты. Үшеуі түрлі дене жарақаттарымен Мақат аудандық ауруханасына жеткізілді". Атырау облысы ПД баспасөз қызметі


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз