Көктемнің алғашқы күнінде елімізде ауа райы қандай болады
Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстан бойынша 2023 жылғы 1 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК ұсынған ақпарат бойынша, еліміздің басым бөлігінде ауа райы Атлант циклонымен анықталады, соған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, солтүстікте қар жауады.
Синоптиктердің хабарлауынша, тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен күн райы жауын-шашынсыз болады.
Сондай-ақ тұман түсіп, жел күшейеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript