Жаңалықтар тізбегі
0

Көктемнің соңғы күні елімізде ауа райы қандай болады

Қазақстан, ауа райы болжамы, жаңбыр, найзағай, аптап ыстық, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2023 16:47 Сурет: unsplash
Синоптиктер Қазақстан бойынша 2023 жылғы 31 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК үұсынған мәлімет бойынша, атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Ауа райы болжамына сәйкес, республиканың солтүстігінде, оңтүстік бөлігінде күн ашық болады.

Республика бойынша жел күшейеді, батыста, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, солтүстікте тұман түседі.

Атырау облысының басым бөлігінде, Ақтөбе облысында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының солтүстігі мен батысында қатты ыстық болжанды.

Синоптиктердің болжауынша, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі бар.

"Қызылорда облысының басым бөлігінде, Павлодар облысының орталығында, шығысында, Атырау облысының шығысында, Қарағанды облысында, Ұлытау облысының орталығында, Абай облысының солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады". "Қазгидромет" РМК

Астанада – көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын желдің екпіні 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +14+16°С, күндіз +31+33°С.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +25+27°С.

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің күші 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +17+19°С, күндіз +32+34°С.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: