Интернаттағы балаларды ұрып-соғу дерегі – директор қызметінен шеттетілді

Әлеуметтік желі Сурет: freepik
"Шаңырақ" отбасылық үлгідегі балалар ауылының директоры Гүлсара Ботатаева қызметінен шеттетілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Балаларды ұрып-соғу дерегі туралы құқық қорғаушы Дина Таңсәрі Facebook-тегі парақшасында хабарлады. Ол өздеріне аталған балалар ауылының тәрбиеленушісі көмекке жүгініп, директордың оқушыларды ұдайы ұрып-соғатынын айтқан.

"Бала сенім телефонына қоңырау шалды. Ол өзін 9 жастан бастап 16 жасына дейін интернат директоры ұрып-соғып келгеніне шағымданған. Осылайша ол басқа балаларды да ұрып-соғатын көрінеді", - деді "Немолчиkz" қоғамдық қорының басшысы.

Балалар үйінің тәрбиеленуші түсірген шағымнан кейін ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы ("Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. 

Тергеу аяқталғаннан кейін және оқиғаның барлық мән-жайлары анықталғаннан соң директордың өз жұмысын жалғастыру-жалғастырмауы бойынша шешім қабылданады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз