Өскемен прокуроры қызметінен уақытша шеттетілді - тергеу жүріп жатыр

Подписание законов, назначения, назначение, президент подписал, подписание документов, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2025 22:16 Фото: freepik
Өскемен қаласының прокуроры Тимур Шақпантаев қызметінен уақытша шеттетілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

KTK ақпаратына сүйенсек, Тимур Шақпантаев қол астындағы қызметкерлерді ұрып-соқты деген ақпарат тараған болатын. Осы деректің рас-өтірігін анықтау үшін прокурорға қатысты тергеу басталған.

"Қала прокуроры қызметкерлерді ұрды деген әңгіме әлеуметтік желіде желдей есті. Тіпті Тимур Шақпантаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат таратылуда. Алайда полиция әзірге ешқандай түсініктеме берген жоқ",-делінген басылымның ақпаратында.

Ал облыстық прокуратура әріптестеріне қатысты қызмет тексерісі жүргізіліп жатқанын айтады. Сондықтан қала прокуроры уақытша қызметінен шеттетілді. Ал қылмыстық іс жайлы тіс жармады.

Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында жеке тұрғын үй өртеніп, үш адам тірідей жанып кеткенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: