Өскемен прокуроры тергеуге ілікті

Аталған мән-жайлардың бір бөлігі расталып, көрсетілген қызметкерлер қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылды., сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2025 10:04 Сурет: ШҚО прокуратурасы
Шығыс Қазақстан облысында Өскемен қаласының прокурорына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желілерде полиция Өскемен қаласының прокуроры Тимур Чакпантаевқа ҚК 109-бабы бойынша "қызметкерлерін соққыға жықты" деген күдікпен қылмыстық іс қозғағаны туралы ақпарат тарады.

ШҚО прокуратурасы бұл мәліметке қатысты түсініктеме берді.

"Өскемен қаласының прокурорына қатысты қызметтік тексеріс жүргізілуде. Қазақстан Республикасының "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңына сәйкес, ол өзіне қатысты жауаптылық туралы шешім қабылданғанға дейін уақытша атқаратын лауазымынан шеттетілді", – делінген түсініктемеде.

Қадағалаушы орган Өскемен қаласы прокуратурасының өзге қызметкерлеріне қатысты мәліметтер бойынша бұған дейін де қызметтік тексерістер жүргізілген.

"Аталған мән-жайлардың бір бөлігі расталып, көрсетілген қызметкерлер қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылды", – деп толықтырды прокуратура.

Бұған дейін Ақтау қаласының прокуроры Алматы әуежайында болған ұсақ бұзақылықтан кейін жауапкершілікке тартылған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: