Өскемен әуежайы тексерушілердің назарына ілікті

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті "Өскемен әуежайы" АҚ қатысты тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Таратылған ақпаратқа сүйенсек, 2022-2024 жылдар кезеңінде және 2025 жылғы қаңтарда облыс аумағында авиаотынды бөлшек саудада өткізудің тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін жоспардан тыс талдау нәтижелері негіз болды.
Талдау қорытындысы бойынша "Өскемен әуежайы" АҚ-ның іс-әрекеттерінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының 1) тармақшасында көзделген монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері анықталды-монополиялық жоғары (төмен) бағаларды белгілеу және қолдау бөлігінде.
"Бұзушылықтардың бар-жоғын растайтын немесе жоққа шығаратын объективті деректерді алу мақсатында тергеп-тексеру рәсімі басталды",- делінген ақпаратта.
Бұған дейін күйеу жігітті өлтірген қазақстандыққа үкім шыққандығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript