Шектен тыс жоғары бағалар: Атырау мұнай өңдеу зауытына қатысты тергеу басталды

НПЗ, нефтеперерабатывающий завод, переработка сырой нефти, нефть , сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2025 13:11 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-ға қатысты тергеуді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның 2025 жылғы 29 қаңтардағы ақпараты бойынша, бұған мұнайды қайта өңдеудің тауар нарығында тауарды өндіру (өткізу) бағалары мен көлемдерінің динамикасына жүргізілген талдау негіз болды.

"Департамент жүргізген талдау нәтижелері бойынша 2021-2023 жылдар аралығында орташа бағаны 31%-ға ұлғайта отырып, мұнай өңдеуге монополиялық жоғары бағаларды белгілеуде және қолдауда көрсетілген үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері анықталды", – деп хабарлады ведомство.

Онда монополиялық жоғары бағаны белгілеу фактісі бәсекелестікті қорғау саласындағы ҚР заңнамасын ықтимал бұзушылықтарды тергеу процесінде анықталатынын атап өтті.

Бұған дейін Шу тұрғынының үйінде аса ірі көлемде есірткі сақтағаны белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: