Полиция оқушы толы көліктің аударылуына қатысты түсінік берді

Қайғылы оқиға Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан бір жасөспірім оқиға орнында көз жұмып, түрлі жарақат алған төртеу ауруханаға жеткізілді. Осы оқиғаға қатысты өңірдегі ПД ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, жасөспірім ағасының көлігін сұраусыз алған.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полицейлер балаларға көліктің рөліне отырғызбауды сұрайды.

Қайғылы оқиға 4 наурызда сағат 20:55 шамасында Ақтөбе облысындағы Шалқар-Бозой тас жолының 4-ші шақырымында орын алған. Toyota Land Cruiser-ді тізгіндеген жеткіншек рөлге ие бола алмай, көлік аударылған. Оқиға орнында бір қыз көз жұмып, тағы төртеуі ауруханаға жеткізілген.

Айта кетсек, алдында ауруханадағы оқушылардың жағдайын өңірлік денсаулық сақтау басқармасы баяндап берген болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз