Нұр-Сұлтанда көшені кесіп өтіп бара жатқан бойжеткенді көлік қағып кетті
Сурет: Zakon.kz
Жол апаты салдарынан түрлі дене жарақатын алған 25 жастағы зардап шегуші ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің қарауынан кейін ол үйіне жіберілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
5 мамырда Toyota Fortune маркалы көлігінің 41 жастағы жүргізушісі Үркер ауылы жағынан Қорғалжын тас жолы бойымен келе жатып, Е-209 көшесімен қиылыста солға бұрылғанда бағдаршамның жасыл белгісіне сай жолды кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті. Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі
Аталған факті бойынша анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауды, жылдамдықты шекті көлемнен асырмауды, қажетті қашықтықты сақтауды ескертеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript