Оралда көлік аялдамаға соғылып, оны тас-талқан етті

БҚО ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2020 18:53 БҚО ПД баспасөз қызметі
Көлікті тізгіндеген 31 жастағы ер адам және оның жанындағы 30 жастағы жолаушысы жол-көлік оқиғасы салдарынан түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Оралда Lada Priora көлігі аялдамаға соғылып, тас-талқан етті. Жол апаты 6 қазанда сағат 23.04-те Гагарин көшесінде болған, деп хабарлайды zakon.kz.

Апат салдарынан екі адам әртүрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алды.

- Lada Priora көлігі бар жылдамдықпен келіп, аялдамаға соғылып, оны тасталқан етті. Көлікті тізгіндеген 31 жастағы ер адам және оның жанындағы 30 жастағы жолаушысы жол-көлік оқиғасы салдарынан түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Бақытымызға орай, басқа құрбандар жоқ. Орал қалалық полиция бөлімінің тергеу-жедел тобы оқиға орнында жұмыс істеді, - деді БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков "Мой город" басылымына.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: