Қонақүйдің 6-қабатынан құлаған қыз ісіне қатысты жаңа деректер шықты

Түркістан облысы, қонай үй, балкон, қыз Сурет: Zakon.kz
Түркістан облысының полицейлері қонақүйдің алтыншы қабатынан құлап кеткен қыз ісінің мән-жайын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жауап алу кезінде қонақүйде жәбірленушімен кездескен жігіт "жеңіл жүрісті" қызды әлеуметтік желі арқылы тапқанын айтқан.
"Жас жігіттің айтуынша, олар қонақүйге өз еркімен келген. Алайда олардың арасында түсініспеушілік туып, жас қыз алдын ала келісім бойынша онлайн аударым арқылы алған ақшаны қайтармай, жанжал шығарған", – деді Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Көрсетілмеген қызметтің ақшасын қайтару үшін жігіт қонақүй бөлмесіне таныс әйелді шақырған, ол жалғыз келмей, екі қыз ерте келген.

Полицейлер атап өткендей, ол таныс қызын қонақүйге шақырып, онымен сөйлесіп, кетіп қалған. Мұны бейнекамералардағы жазбалар растайды. Жауап алу кезінде, үш қыздың айтуынша, жәбірленуші ұялы телефонмен сөйлесу үшін қонақүйдің балконына шығып, секіріп кеткен.

Қыз аман қалып, полицияға оны қыздардың бірі итеріп жібергенін айтқан. Қазір полиция мән-жайды анықтап жатыр.

Қыздың қонақүй балконынан құлау фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс кісі өлтіруге оқталу бабымен қайта сараланды.

Іс облыс прокуроры мен облыстық ДП басшысының ерекше бақылауында.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз