Жетісайда жоғалып кеткен 15 жастағы қыз табылды

Түркістан облысы, Жетісай ауданы, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2022 13:16 Сурет: Zakon.kz
Жоғалған қызды Түркістан облысының полицейлері тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz ақпараттық порталының жазуынша, Жетісай аудандық ішкі істер бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, 15 жасар қызы ешкімге ескертпестен үйінен шығып кетіп, оралмағанын айтқан. Қызды туыстары өз бетінше іздеп көргенімен, нәтиже болмаған.

Тәртіп сақшылары бұл фактіні тіркеп, жедел-іздестіру шараларын бастады. Учаскелік полиция инспекторлары туыстарымен бірге жоғалған жасөспірімді іздестірді.ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Ведомсто өкілдерінің мәлімдеуінше, бірнеше сағаттан кейін полиция колледждердің бірінің жанынан қызды тапты. Кейін белгілі болғандай, ол колледждегі достарына барған.

Қыздың анасы Жетісай аудандық полиция бөлімінің полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: