Роналду Түркия мен Сирияға гуманитарлық көмек тиелген ұшақ жіберді

Сирия, Түркия, жер сілкінісі, футбол, "Әл-Наср" Сурет: Twitter/AlNassrFC_EN
Португалиялық футболшы Криштиану Роналду Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмектесу үшін екі елге гуманитарлық көмек тиелген ұшақ жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Криштиану Роналду өз қаражатына бірнеше шатыр, көрпе-жастық, балалар тамағын, дәрі-дәрмек сатып алды. Роналдудың гуманитарлық көмегі Түркия мен Сирияның көбірек зардап шеккен тұрғындарына жеткізіледі, деп жазды Daily Mail.

Сондай-ақ португалиялық футболшы жер сілкінісінен аман қалған сириялық  Набиль Саид есімді баламен кездесті.

Бұл Роналдудың мұндай жомарт қайырымдылық жасауы бірінші рет емес. 2014 жылы ол Испанияда балаға операция жасау үшін 83 000 доллар төледі, сонымен қатар Португалиядағы онкологиялық орталықты қаржыландыруға 165 000 доллар берді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз