Конституциялық сот мемлекеттік қызмет туралы заң нормасын Конституцияға сай емес деп таныды

Конституциялық нормалар Сурет: gov.kz
Конституциялық сот азамат Б.Қ.Аргумбаевтың өтінішін қарауда "ҚР-дың мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 16-бабы 3-тармағының 6) тармақшасын Конституцияның 24-бабының 1-тармағына, 33-бабының 2 және 4-тармақтарына және 39-бабының 1-тармағына сәйкес емес деп таныды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Конституциялық соттың сайтында жарияланған құжатқа сәйкес, ҚР Үкіметі алты айдан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Қазақстан Республикасының заңнамасын осы нормативтік қаулыда жазылған Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының құқықтық позицияларына сәйкес келтіруге бағытталған тиісті заң жобасын енгізуі тиіс.

Азамат Аргумбаевтың өтініші ҚР Конституциялық сотына 2023 жылы 24 қаңтарда келіп түсті.

"Заңның дау айтылып отырған нормасына сәйкес мемлекеттік қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған азаматты мемлекеттiк қызметке қабылдауға болмайды. Бұл ретте мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін қызметтен шығарылған азамат мемлекеттік қызметке жіберілмейді". ҚР Конституциялық соты


Өтініште Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің 2019 жылғы 31 қазандағы өкімімен Б.К. Аргумбаев Заңның 50-бабы 1-тармағының 5) және 11) тармақшаларында көзделген, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары лауазымынан босатылғаны көрсетілген.

"Үш жыл өткеннен кейін ол мемлекеттік қызметке қайта орналасуға шаралар жасап көрген. Алайда, атап өтілген тыйым салу оған мемлекеттік қызметте лауазымға қайта орналасуға мүмкіндік бермеген. Өтініш субъектісі аталған норма өзін мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырып отыр және бұл әділетсіз болып табылады, мемлекеттік органдарға сайлану құқығына нұқсан келтіреді және азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруге тең құқығы қағидатын (Конституцияның 33-бабы) бұзады деп ойлайды". ҚР Конституциялық соты

Құжаттың толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз