Жаңалықтар тізбегі
0

Еліміздің үш қаласы мен 12 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қолайсыз ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.03.2023 20:39 Сурет: pixabay
Астанада, Қарағандыда, Көкшетауда және еліміздің 12 облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасай отырып.

Астанада күндіз оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 17-22 м/с болады деп болжанады.

Қарағандыда күндіз оңтүстік шығыстан оңтүстік батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Көкшетауда күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік батыстан шығысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. 

Түнде Маңғыстау облысының солтүстік-батысында тұман болады деп болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтауда түнде және таңертең солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Орал қаласында түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Алматы облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с, Қонаевта оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. 

Түнде және таңертең Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарда тұман түседі.  Өңірдің оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с, ткей тұста 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғады. Таразда найзағай ойнайды. Таңертең және түстен кейін оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с,  кей тұста 25 м/с дейін жетеді.

Ұлытау облысында арагідік жауын-шашын болады, күндіз облыстың солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың шығысында тұман түседі. Түнде облыстың батысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Жезқазғанда оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа  ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. 

Қызылорда облысының оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл болады деп күтіледі. Түнде облыстың орталығында оңтүстіктен солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың орталығында 25 м/с құрайды. Қызылордада күндіз шаңды дауыл болады деп күтіледі. Оңтүстіктен солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Ақтөбе облысының орталығында, батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде көктайғақ болады. Күндіз облыстың шығысында жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың оңтүстігінде, орталығында, шығысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Ақтөбеде түнде көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Павлодар облысында ауа райы жауын-шашынды, өңірдің батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, облыстың орталығында, батысында, оңтүстігінде - көктайғақ, облыстың солтүстігінде - боран. Өңірдің солтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні түнде  15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Павлодарда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Қостанай облысының басым бөлігінде қар жауады, облыстың оңтүстігінде – жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың орталығында, батысында, солтүстігінде қалың қар түседі. Облыстың солтүстік жартысында боран болады. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде – көктайғақ, тұман. Облыстың басым бөлігінде оңтүстіктен солтүстікке ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың шығысында 23 м/с дейін жетеді. Қостанайда таңертең және түстен кейін қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді. Түнде тұман болады. Оңтүстіктен солтүстікке ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батыс бөлігінде тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың шығысында оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Петропавлда көктайғақ, қатты жел болады, жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Абай облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде жауын-шашын болады деп күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде облыстың солтүстігінде қарлы боран, көктайғақ болады. Күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Семейде күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: