Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандағы әйелдердің өмір сүру ұзақтығы қандай

Қазақстандағы әйелдердің өмір сүру ұзақтығы қандай, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.03.2023 13:10 Сурет: Zakon.kz
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният үкімет отырысында Қазақстан әйелдерінің өмір сүру ұзақтығы ерлерге қарағанда ұзағырақ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Жалпы әйелдердің өмір сүру ұзақтығы 74 жасты құрайды. Әйелдер ерлерге қарағанда 7,7 жасқа ұзағырақ (66,33 жас) өмір сүреді", - деді Ажар Ғиният.

Сонымен қатар ол Қазақстанда 10 млн. астам әйел, 4 млн. астам бала туу жасындағы әйел және 18 жасқа дейінгі 3 млн. астам қыз бала тұратынын атап өтті. 

Айта кетейік, министр бұған дейін Қазақстан әйелдері көбіне тыныс алу ағзаларының ауруларымен ауыратынын хабарлаған еді. Министрдің айтуынша, бүкіл әлемде инфекциялық емес аурулар әйелдер өлім-жітімінің негізгі себебі болып отыр. Қазақстан бойынша аурушаңдық бір жылда 4% өсті (100 мың халыққа шаққанда 50 мыңнан астам адам).

Сонымен қатар Ажар Ғиният репродуктивті денсаулығының ерекшеліктеріне байланысты әйелдер ерлерге қарағанда жиі ауыратынын және медицина қызметін көп пайдаланатынын айтты.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: