Қазақстанда ауыл тұрғындары қалалықтарға қарағанда ұзақ өмір сүреді
Сурет: amanаtpartiasy.kz
Мәжілісте өткен үкімет сағатында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ауыл тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы қала тұрғындарынан тұрақты түрде жоғары екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz
Министрдің айтуынша, бүгінде ауылдарда 7,8 миллион адам тұрады, бұл ел халқының 41 пайызын құрайды. Ауыл халқының 38 пайызы балалар, 62 пайызы ересектер.
Халықтың денсаулық көрсеткіштерін талдау ауыл тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы қала тұрғындарынан тұрақты жоғары екенін көрсетеді (2021 жылдың қорытындысы бойынша қалада орташа өмір сүру ұзақтығы 69,91 жас, ауылда - 70,79 жыл).Ажар Ғиният
Ауыл тұрғындарына 5 мыңнан астам медициналық ұйымдар медициналық көмек көрсетеді, оның ішінде 2 мыңнан астам фельдшерлік пункт, 800 фельдшерлік-акушерлік пункт, 1 мыңнан астам дәрігерлік амбулатория, 200-ден астам емхана және 203 аурухана бар.
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы қазақстандық ауылдарда нәресте өлімі 30,6% артқанын хабарлаған еді. Алайда 2021 жылы ауылдарда бала туу қалаға қарағанда жоғары болды. Биыл жеті айының қорытындысы бойынша республикалық көрсеткіштен 5% жоғары.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript