Павлодар облысында мемлекеттік мекеменің шатыры опырылды

8 наурызда 12:20-да Ақсу қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының үш қабатты үйінің шатыры екпінді желдің салдарынан (27 м/с) жартылай жыртылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ғимарат Ақсу қаласы Дөнентаев көшесі, 50 мекенжайында орналасқан.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, шатыры ағаш жәшіктегі профильді қаңылтыр екен.

Сурет: Павлодар облысы ТЖД
Аауданы 120 шаршы метр (жалпы ауданы 612,6 ш.м.).
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Шатырдың соңғы жөндеуі 2015 жылы жүргізілген.

Сурет: Павлодар облысы ТЖД
Бөлісу
0
Толық оқу