Алматыда екпіні күшті желден 9 қабатты тұрғын үйдің қаптамасы опырылды

Алматыда екпіні 13 м/с болатын желдің салдарынан 9 қабатты үйдің қамтамасы опырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"9 қабатты тұрғын үйдің 400 шаршы метр қамтамасы екпіні 13 м/с болатын желдің салдарынан құлады. Қабырғаның жалпы ауданы 600 шаршы метр". Алматы төтенше жағдайлар департаменті
Оқиға 14 мамырда болған. Сағат 13:20 шамасында 1-шағынаудан, Алтынсарин 68/4 мекенжайындағы "Сарыарқа" тұрғын үй кешеніне жауапты инспектор жіберілген.
Департаменттің мәліметінше, 2 мамырда үйдің жұмсақ қаптамасының құлау қаупіне байланысты бұл учаске қоршалған. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript