Астанада екпіні күшті жел салдарынан тоғыз қабатты үйдің қасбеті құлады

Астанада екпіні күшті жел салдарынан тоғыз қабатты үйдің қасбеті құлады, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2026 20:12 Сурет: видео скрині
Астанада екпіні күшті желдің салдарынан тоғыз қабатты тұрғын үйдің қасбеті құлады. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиғаны қала әкімдігінің баспасөз қызметі түсінік берді.

Жергілікті билік мәліметінше, оқиға 11 наурыз күні сағат 17:00 шамасында болған. Қатты желдің соққысынан 2015 жылы пайдалануға берілген "Айка" тұрғын үй кешенінің қасбетіндегі жылу оқшаулағыш қабаты қапталған беттен бөлініп кеткен. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Қазіргі таңда тұрғын үй кешенінің басқарушы компаниясы қалпына келтіру жұмыстарын бағалап, өндірістік альпинистерді тарту мәселесін шешіп жатыр.

"Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 34-бабына сәйкес, пәтер иелері кондоминиумге жататын жалпы мүлікті (2-баптың 2-тармақшасына сәйкес) күтіп ұстау міндетін өз мойнына алады. Бұған қасбеттер, подъездер, вестибюльдер, холлдар, дәліздер, баспалдақтар мен алаңдар, лифттер, шатырлар, кіреберіс топтардың қақпақтары (навес), шатыралар, техникалық қабаттар, жертөлелер, жалпы үй инженерлік жүйелері мен жабдықтары жатады", – деді әкімдіктің баспасөз қызметі Zakon.kz тілшісіне.

Осыған жағдай 2025 жылдың 8 қарашасында да болған еді. Астананың Тәуелсіздік даңғылында кірпіш қаптамасы мен кондиционердің бір бөлігі құлаған кезде бес адам зардап шеккен. 23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуан ауруханада қайтыс болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: