Қаратауда жел бес қабатты үйдің шатырын ұшырып әкетті

Қаратау, шатыр, көп қабатты тұрғын үй, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2023 13:52 Сурет: видеодан скриншот
Қаратауда 26 қазанда қатты желдің салдарынан бес қабатты үйдің шатырының жартысы ұшып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, таңертең үшінші ықшамауданда екпіні 22 м/с болатын желдің салдарынан бес қабатты тұрғын үйдің 300 шаршы метр аумақтағы шатыры ұшып кетті (жалпы ауданы 3215 ш.м.).

Төтенше жағдайлар қызметі қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді.

Үй 1976 жылы салынған, төбесі металл қаңылтырдан жасалған.

Оқиға орнында комиссия жұмыс істеп жатыр.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: