Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекеттен арзан несие алған павлодарлық фермерлер алаяқтардың құрбаны болды

Алаяқтық, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.03.2023 20:52 Сурет: Zakon.kz
Павлодарда "Сыбаға" мемлекеттік бағдарламасымен несие алған фермерлер сан соғып қалды. Олар Еуропадан асыл тұқымды мал аламыз деп миллиондаған қаражаттарын жеткізіп беруші операторға аударған. Содан бері 2 жыл өтсе де, не мал, не ақша жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Баянауылдық фермер Теміржан Қишев «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 85 млн. теңге несие алған. Шарт бойынша ол Германиядан 100 бас асыл тұқымды ірі қара сатып алуы керек болған. Сол себепті қомақты қаражатты бірден Қостанайдағы мал жеткізуші операторға аударыпты. Ал оны өңірдің ауыл шаруашылығы басқармасы ұсынған. 2 жылдан астам уақыт өтсе де, не ақша, не мал жоқ. Амалы таусылған шаруалар сотқа да жүгінген. Алайда одан да нәтиже шықпапты. Ал кредитті уақытылы қайтармаған шаруаларды несие серіктестігі сотқа берген, деп хабарлайды Astana.tv

"Баянауылда сот болды. Аграрлық несие корпорациясынан 85 млн теңге алғанмын. Соны қайыр деп жатыр. Мал келген жоқ. Біз қалай қайырамыз ақшаны? Бізге сол операторды тауып берген - әкімнің орынбасары Өтешов Мейрам Олжабайұлы. Сол оператормен келісімшартқа отырған екен облысәкімінің орынбасары. Сосын ол операторды сотқа бер деді. Бердік. Екі сотта да жеңдік. Сот шешімі шықты. Олар қазір төлемейді". Шаруа қожалығының басшысы Теміржан Қишев

"Сыбағадан" сыбағасын ала алмай жүргендер жетерлік. Павлодар облысында 11 шаруа қожалық дәл осылай сан соғып қалыпты. Ақтоғайлық фермер Талғат Бейсенбаев та несиеге алған 42 млн теңгесінен айырылды.

"Барлығын үйге дейін әкеліп береміз. Барлығын қадағалаймыз. Бәрін өзіміз жасаймыз. Сендер аламыз десеңдер болды деп айтты. Енді бүгінгі күнге ешқандай көмек жоқ. Біз қарызбен мына несие серіктестігі екеуміз бетпе-бет қалып тұрмыз. Несие серіктестігі бізді сотқа беріп жатыр. Қарызды тез жабыңдар деп". Шаруа қожалығының басшысы Талғат Бейсембаев


Аймақтың ауыл шаруашылығы басқармасы болса, біздің еш қатысымыз жоқ деп бастарын ала қашты. Олардың айтуынша, мал жеткізуші операторды фермерлер өздері таңдаған дейді. Ал ақшаны алған оператор қазір банкрот болыпты. Сол себепті фермерлердің қаражаты қайтпаған.

"Қазіргі күні агронесие серіктестігі фермерлерге тек негізгі қарызды ғана қайтару туралы ұсыныс жасап отыр. Өйткені бұл несие болғандықтан, оның өсімпұлы бар. Серіктестік шаруалардан тек алған қарызды ғана қайтару арқылы көмек көрсетпек". Павлодар облысы ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Төлеген Көшербаев

Енді шаруаларға несиені өтеуден басқа жол қалмаған. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: