Қоқысқа кеткен миллион

Мәскеудің 48 жастағы Дмитрий есімді тұрғыны 13 миллион рублін абайсызда қоқысқа лақтырып, сан соғып қалды. Ақша әлі табылған жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.
Baza телеграм-арнасының жазуынша, 10 наурыз күні үйдегі қоқысты шығармақшы болған ер адам қоқыспен қоса бір қап ақшасын да лақтырып тастаған. Ол бұл ақшаны несиесін жабуға жинап жүріпті.
Бар жиғанынан айырылғанын ол үш сағаттан кейін ғана түсінген. Өкінішке қарай, қайта айналып барғанда ақша салынған пакетті контейнерде жоқ болып шыққан.
Полицияға арыз жазғанымен, ақша әлі табылған жоқ.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript