"Қазақтелекомнан" келген қоңыраудан кейін қазақстандық 5 миллион теңгесінен айырылды

Мошенничество, мошенники, мошеннические схемы, финансовая афера, хакеры, взлом данных, кибератака, хакерская атака, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2026 19:11 Фото: Zakon.kz
Ақмола облысы, Бурабай ауданының тұрғыны алаяқтардың арбауына түсіп 5 миллион теңгеге сан соғып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Nofake.kz мәліметінше, 18 наурызда белгісіз біреу әйелге "Қазақтелеком" АҚ қызметкері ретінде хабарласып, интернет қызметтеріне жеңілдік бар екенін айтып, қосылу үшін бірнеше әрекет жасау керегін сендірген. Оған жіберілген файлды ашу керек екендігі айтылған.

Полицияның айтуынша, сол сәттен кейін әйелдің мобильді құрылғысы жұмыс істемей қалған. Қауіпті сезген әйел шоттарын және қосымшаларға кіруді блоктауға тырысқан. Алайда алаяқтар құрылғыға қол жеткізіп, депозит шотынан қаражатты дропперлердің шотына аударған.

"Қазіргі уақытта шоттардың иелері анықталды. Қажетті тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде", – деп хабарлады полиция.

Бұған дейін Павлодарда полициядан қашуға әрекеттенген жүргізуші ұсталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: