Павлодарда полициядан қашуға әрекеттенген жүргізуші ұсталды

Машина полиции, полицейский автомобиль, полицейские, полиция, автомобиль полиции, полицейская машина, патрульная машина, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2026 18:53 Фото: unsplash
Павлодар облысында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, патрульдік полициядан қашуға әрекеттенген жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, оқиға таңғы сағат 5 шамасында Павлодар – Құлынды автожолында, Кеменгер ауылы маңында орын алған. Патрульдік полиция қызметкерлері Hyundai Sonata көлігінің жүргізушісі белгіленген жылдамдықты өрескел бұзғанын анықтаған. Алайда жүргізуші жарқылдақ шамдар мен дыбыстық белгілерді елемей, қауіпті маневрлер жасап, жол қозғалысына қатысушылардың өміріне нақты қауіп төндірген.

"Экипаждардың үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде көлік тоқтатылып, бұғатталды", – деді Павлодар облысы ПД патрульдік полиция ротасының командирі Асет Рыспаев.

Тексеру барысында жүргізушіге қатысты бірқатар әкімшілік құқық бұзушылықтар тіркелді. Атап айтқанда, ол жылдамдықты асыру, полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбау және жүргізуші куәлігінсіз көлік басқару деректері бойынша жауапқа тартылды.

Сот қаулысына сәйкес құқық бұзушы 3 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар көлік тәркіленіп, мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.

Полиция департаменті өкілдері мұндай әрекеттердің салдары әрдайым ауыр болатынын ескертеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: