Астанада жол ережесін өрескел бұзған мотоцикл жүргізушісі қамауға алынды

Астана қаласында жол қозғалысы ережесін бірнеше мәрте бұзып, полицейлерден қашуға әрекеттенген 19 жастағы мотоцикл жүргізушісі ұсталды. Оқиға Тұран даңғылында болған., сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2025 14:37 Сурет: ҚР ІІМ
Астана қаласында жол қозғалысы ережесін бірнеше мәрте бұзып, полицейлерден қашуға әрекеттенген 19 жастағы мотоцикл жүргізушісі ұсталды. Оқиға Тұран даңғылында болған.

Патрульдік полиция қызметкерлерінің тоқтау туралы заңды талабын елемеген жас жігіт бағдаршамның қызыл түсіне бірнеше рет өтіп кеткен.

Кейін мотоциклін автожуу орнына тастап, жаяу қашпақ болды. Алайда бейнебақылау камераларының көмегімен оның әрекеті әшкереленіп, құқық қорғаушылардың қолына түсті.

Тексеру барысында жүргізушінің көлік жүргізу куәлігі жоқ екені анықталды. Сондай-ақ мотоциклге жалған нөмір қойылғаны белгілі болды.

Көлік құралы оған бөтен адамның атына рәсімделген. Құқық бұзушыға қатысты бес әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен ол 15 тәулікке қамауға алынды.

Жазасын өтегеннен кейін уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Мотоцикл коммуналдық тұраққа қойылды. Полиция жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында азаматтарды жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: