Павлодарда қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзған мотоцикл жүргізушісі жауапқа тартылды

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.05.2026 11:58 Фото: Zakon.kz
Павлодар облысында бірден бірнеше заң бұзған мотоцикл жүргізушісі жауапқа тартылды.

Күннің жылынуымен өңір жолдарында екі дөңгелекті көлік тізгіндегендер көбейді. Алайда олардың кейбірі жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, өз өмірі мен өзгенің қауіпсіздігіне қатер төндіруде.

Полицейлер жылдамдық асырудан бастап, мас күйде көлік басқаруға дейінгі түрлі құқық бұзушылықтарды тіркеуде. Ақтоғай ауданының ауылдарының бірінде патрульдік қызмет атқарған полиция қызметкерлері күмәнді әрекет жасаған мотоцикл жүргізушісін тоқтатты.

Тексеру барысында ер адамның бірден бірнеше заң бұзушылыққа жол бергені анықталды. Медициналық куәландыру оның орташа дәрежеде мас күйде болғанын растады. Сонымен қатар оның жүргізуші куәлігі болмаған және мотодулығасыз жүргені белгілі болды.

Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, мотоцикл арнайы тұраққа қойылды. Енді оған заң талаптарына сәйкес қатаң жаза қолданылады.

Мамандардың айтуынша, мотоцикл — қауіптілігі жоғары көлік құралдарының бірі. Қауіпсіздік талаптарын елемеу, жылдамдықты шамадан тыс арттыру және мас күйде рөлге отыру ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

"Жолда әрдайым жағдайды байыппен бағалау қажет. Жол қателікті кешірмейді, ал қауіпсіздік — әркімнің өз жауапкершілігі", — деп ескертті Павлодар облысы полиция департаментінің қызметкерлері.

Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде мас күйде көлік басқарғаны үшін 382 жүргізуші жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде соңғы бір тәулікте 7 адам анықталған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: