Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлттық банк ақпан айында теңгенің нығаюына әсер еткен екі факторды атады

Ұлттық банк, теңге, теңге бағамы, "үлкен" салық аптасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2023 12:55 Сурет: pixabay
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова ақпан айында теңгенің нығаюына қандай жағдай әсер еткенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, ақпанда теңгенің нығаюы шамамен 3,2% болды.

"Біріншіден, мұндай динамика ірі салық төлемдерінің маусымдылығына байланысты күтілді, себебі, ақпанның екінші жартысы "үлкен" салық аптасы болды".Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова

Ұлттық банк өкілінің сөзінше, еркін өзгермелі бағамға көшу басталғаннан бері ақпанның соңғы екі аптасы теңге үшін оң болды. Ерекшеленген жалғыз жағдай – пандемия мен геосаясаттың бұрын-соңды болмаған сыртқы күтпеген өзгерістері басым болуына байланысты болған 2020 және 2022 жылдар.

"Екіншіден, ақпан ішінде валюта нарығында позитив жеткілікті болды – ірі тоқсандық салық апталығынан басқа, біз Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарына бейрезиденттердің ағынын байқадық".Әлия Молдабекова

Оның айтуынша, валюта нарығына квазимемлекеттік компаниялардың сатылымы да қолдау көрсетті, ақпанда олардың көлемі 295 млн АҚШ долларына тең болды.

"Бюджетке трансфертті қамтамасыз ету аясында Ұлттық қордан сату 590 млн АҚШ долларына тең болды, бұл ретте бір сауда күні ішінде сату көлемі 30 млн АҚШ долларынан аспады. Зейнетақы активтерінің валюталық үлесін қолдау аясында БЖЗҚ 226 млн АҚШ долларын сатып алды", – деді Ұлттық банк өкілі.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: