Таразда бүтін отбасы мүшелерін аман алып қалғандар марапатталды

Төтенше жағдай Сурет: gov.kz
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков ағымдағы жылдың 6 наурызы күні газдан уланған бүтін бір отбасын ажалдан құтқарып қалған №22 орта мектеп мұғалімдерін арнайы қабылдап, құрмет көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Өз өмірін қатерге тігіп, көмек қолын созуға ұмтылатын жандар қашанда мақтауға тұрарлық. Түрлі оқыс оқиғаларда төнген қауіпке қарамастан, өзгенің өмірін құтқарып қалған азаматтарға айтар алғыс, көрсетілетін құрмет шексіз. Мұндай ерлік екінің бірінің қолынан келмейді. Сіздер бейбіт күннің батырысыздар. Бұл сіздердің өз жұмыстарыңызға жауапкершілікпен қарап, әр баланың тағдырына алаңдайтын жанашырлықтарыңызды білдіреді. Осы арқылы сіздер тек мектептің ғана емес, тұтас ұстаз дейтін ұлы мамандықтың абыройын көтеріп, беделін биіктеттіңіздер". Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков


Осылай деген шаһар басшысы бейбіт күннің батырларына арнайы дайындалған  сый-сияпаттар ұсынды.

Өз кезегінде  бейбіт күннің батырлары оқыс оқиғаның қалай болғанын айтып, қала әкіміне ризашылықтарын жеткізді.

Айта кетсек, 6 наурызда №22 орта мектептің 2-сынып оқушысы Бекжан Бақытжанұлы сабаққа келмегендіктен, мектеп әкімшілігі ата-анасына хабарласқан. Алайда олардың сол күні жұмысқа шықпағаны және №10 орта мектепте білім алатын сол отбасының 2 баласының да сабаққа бармағаны белгілі болады. Мектеп әкімшілігі  мән-жайды анықтау мақсатында оқушылардың үйіне директордың құқық-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Эльмира Есельбаева, оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Аида Есенаманова, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Қуаныш Исмаилов және мектеп полиция инспекторы Әлішер Ермековті жібереді. Олар үйге барған соң терезеден қимылсыз жатқан 5 адамды байқайды. Сол арада бірден әрекетке көшіп, бесеуін де далаға алып шығып, иісі қолқаны қапқан газ құрылғысын өшіреді. Соның арқасында бүтін бір отбасы ажал тырнағынан аман қалды.

Газдан уланған отбасы мүшелері стационарлық мекемеде тиісті ем қабылдады. Бүгінде жағдайлары тұрақты. Дәрігерлердің мәліметінше, бүгін үйлеріне шығарылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз