Қазақстандық сайттар неліктен ашылмай қалды
Сурет: pixabay
14 наурыз күні Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Zakon.kz басылымына неліктен бірқатар қазақстандық сайт ашылмай қалғанын түсіндірді.
Министрліктің баспасөз хатшысы Ерхан Тәткеннің мәлімдеуінше, 13 наурыз күні Астана уақытымен сағат 18:00-ден кейін жекелеген байланыс операторларында желілік ақаулар тіркеліп, соның салдарынан бірқатар қазақстандық домен ашылмай қалды.
"Kaznic (Қазақ желілік ақпарат орталығы) қазақстандық домендердің DNS жазбаларын жоспарлы жаңартуды іске асырды, содан кейін кейбір байланыс операторларының кэштейтін DNS серверлерінде қате болып, олар бос жазбалар алды". ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі
Баспасөз қызметі қазіргі уақытта байланыс операторлары кэштейтін DNS серверлерін қайта жаңартып, жоғарыда аталған мәселелер шешіліп жатқанын атап өтті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript