Жаңалықтар тізбегі
0

Қайрат Боранбаев ісі бойынша сот отырысы кейінге қалдырылды

Жарыссөз, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2023 18:10 Сурет: Zakon.kz
Сот қосымша уақыт беруді сұраған мемлекеттік айыптаушы тараптың өтінішін қанағаттандырып, кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың ісі бойынша өтуі тиіс жарыссөз кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың ісі бойынша тараптардың жарыссөзі 14 наурызда Астана қаласының №2 Сарыарқа сотында болуы тиіс еді. Алайда, мемлекеттік айыптаушы-прокурор Бауыржан Шекенов өзіне қосымша уақыт беру туралы сотқа өтініш түсіріп, іс бойынша жағдай өзгергенін мәлімдеді.

"ҚР ҚІЖК-нің 340-бабы, 5-бөліміне сәйкес, егер басты сот талқылауы барысында сотталушыға неғұрлым ауыр айып тағу немесе бастапқы айыптан басқа айып тағу қажеттілігі туындаса, сот істі қарауды кейінге қалдырады және прокурорға жаңа айыптау актісін жасау үшін қажетті уақыт береді. Осыған байланысты айыптаушы тарап жаңа айыптау актісін толтыру үшін уақыт беруді сұрап, өтініш білдіреді, өйткені қылмыстық іс бойынша мән-жайлар өзгереді және бұл жаңа актіде көрсетуді талап етеді". Прокурор Бауыржан Шекенов


№2 Сарыарқа сотының судьясы Назгүл Бапақова айыптаушы тараптың өтінішін қанағаттандыру туралы шешім шығарды. Сот отырысына 17 наурызға дейін үзіліс жарияланды.

Қайрат Боранбаев пен "Азия Газчунджа" ЖШС-нің негізін қалаушы екінші адам Роман Нахановқа өздеріне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті жымқыру және жылыстату, заңсыз ақшаны және мүлікті заңдастыру, қылмыстарға жәрдем көрсету түрінде айып тағылды.

Аталған іс бойынша сот процесі Астанада 2022 жылы 30 желтоқсанда басталды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: