Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан мен Әзірбайжан өсімдіктерді қорғау саласында ынтымақтасады - Тоқаев жарлыққа қол қойды

Қазақстан мен Әзірбайжан өсімдіктерді қорғау саласында ынтымақтасады - Тоқаев жарлыққа қол қойды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2023 17:00 Сурет: gov.kz
Мемлекет басшысы "Қазақстан мен Әзірбайжан үкіметтері арасындағы өсімдіктер карантині және қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы Өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген Ақорда хабарламасында.

Заңның негізгі мақсаты – карантинге жатқызылған өнімді елге әкелу кезінде фитосанитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар мен өзара іс-қимылды күшейту.

Тұтастай алғанда, құжат тасымалданатын өнімге қажетті фитосанитариялық бақылауды, бірлескен іс-шараларды және өсімдіктер карантині жөніндегі ұлттық қызметтер арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге бағытталған және Қазақстанның экспорттық әлеуетіне оң әсер етеді.

Келісімді ратификациялау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды және республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлуді талап етпейді.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: