Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлттық банк: Ақпанда 17 өңірде инфляция жеделдеді

Ұлттық банк, инфляция, өңірлердегі инфляция, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2023 17:37 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
ҚР Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты департаментінің нақты сектор мониторингі басқармасының бастығы Игорь Осипов 2023 жылдың ақпан айындағы Қазақстан өңірлеріндегі инфляциялық үрдістер туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық банк өкілі келтірген мәлімет бойынша, 2023 жылдың ақпан айында елде жылдық инфляция 21,3% болып (қаңтарда – 20,7%), қарқын ала түсті.

"Аймақтар бойынша инфляция 17 өңірде жеделдеп, 3 облыста баяулады. Жылдық инфляцияның ең жоғары мәні Маңғыстау облысында, Астана қаласында және Ақмола облысында тіркелді".Игорь Осипов

Оның сөзінше, ақпанда азық-түлік тауарларының бағасы ж/ж 26,2%-ға (қаңтарда – 25,7%) өсті.

Осы топтағы тауарлардың бағасы Маңғыстау облысында (32,1%) барынша жоғары, ал Алматы қаласында (24,6%) мейілінше баяу өсті.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны ж/ж 20,5%-ға дейін жеделдеді (қаңтарда – 20,2%). Ең жоғары мән Астана қаласында (31,3%), ең төменгі мән Алматы облысында (16,1%) тіркелді.

Ұлттық банк өкілінің айтуынша, ақпанда ақылы көрсетілетін қызмет бағасы ж/ж 15,0%-ға өсті (қаңтарда – 14,2%). Бұл ретте жалпы республикалық деңгейден баға Ақмола облысында (20,2%), біршама төмен Шымкент қаласында (11,2%) өсті.

"2023 жылғы ақпанда елде айлық инфляцияның өсімі де 1,3% болыа, жеделдей түсті. Бұл соңғы 5 жылдағы (2018-2022 жылдары: 0,6%) ақпан айындағы инфляцияның орташа мәнінен біршама жоғары".Игорь Осипов

2023 жылғы 16 наурызда ҚР Ұлттық банк неліктен теңге әлсіреп, доллар өсіп жатқанын түсіндірді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: