Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда тұрғын үй кешенін салушы көпжылдық ағаштарды кескен

Алматыда тұрғын үй кешенін салушы көпжылдық ағаштарды кескен, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2023 10:36 Сурет: Zakon.kz
Алматыда тұрғын үй кешенін салу үшін құрылыс салушы ғасырлар бойғы ағаштарды кескен. Қазір экологтар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақфильм" шағын ауданында көпқабатты үйдің құрылысы басталды.

"Олар ағашты рұқсатсыз кескен екен. Біз мұны бірнеше айдан кейін анықтадық. Әйтеуір зақымданғаны үшін өтемақы ретінде тұрғын үй кешенінің аумағына ағаш ектіруге келістік."Тұрғын Елена Тесленко

Алайда "Алматы" телеарнасының репортажында ағаштар құрылыс астына кеткені айтылған. Куәгерлер жұмысшылардың цементті оқпандарға қалай құйып жатқанын видеоға түсіріп алған.

Өз кезегінде құрылыс компаниясының өкілі жасыл-желек жасау нұсқасы бастапқыда ұсынылғанын айтады.

"Оған тұрғын үй кешенінің көп тұрғыны күзде аумақты қоқыс пен жапырақ үйіндісі басып кетеді деп, шағымданған. Сондықтан олар бұған қарсы", - деді ол.

Құрылыс салушыларға қарсы шағымдар мұнымен бітпеді.

"Олар 12 метр емес, 22 метрлік ғимарат салуға кірісті. Өздеріңіз білетіндей, жел мен қаланың санитарлық жағдайына байланысты Әл-Фарабиден жоғарыға қарай шектеу бар", - деді Елена Тесленко.

Нәтижесінде тұрғындар сотқа жүгінген. Бірақ олар ұтылды. Ғимараттың нормадан жоғары құрылысын сараптағанда рұқсат етілген деп танылды. Іске қатысқан экологтар заң бұзушылықтарды анықтады.

"Бұл мекенжайға өтініш түскен жоқ. Тиісінше, рұқсат берілмеді. Бірақ әрі қарай шара қолдану үшін Алматы қалалық департаментіне хат жолдадық. Қазір ештеңе айта алмаймыз. Бірақ жасыл желектердің бүлінуі бар", - деді Экология және қоршаған ортаны қорғау департаментінің маманы Нұрлан Сейітбеков.

Бұл заңбұзушылықтар сараптамамен расталса, құрылыс салушылар алдағы жарты жылда көшет отырғызу үшін өтемақы төлеуге міндетті болады.

"Қазір біз бұл материалдың барлығын қабылдадық. Ал тиісті уәкілетті органдар мұның барлығын заңды түрде зерттеп, шара қолданады", - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қоғамдық кеңесінің мүшесі Айнұр Сәбитова.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: