Қазақстан аумағынан ірі қара мал мен ұсақ мал әкетуге квота енгізіледі

Ауыл шаруашылығы министрлігі, квота, экспрртқа шығарылатын қой санына квота, экспрот, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2023 11:45 Сурет: primerminister.kz
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі "Ауыл шаруашылығы жануарларын Қазақстан Республикасының аумағынан әкетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрық әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, алты ай мерзімге ірі қара мал мен тірі қойларға сандық шектеулер (квоталар) енгізіледі:

  • 60 000 (алпыс мың) бас тірі ірі қара малды Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне әкетуге;
  • 120 000 (жүз жиырма мың) бас тірі қойлар мен ешкілер Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне әкетуге.

Құжатта белгіленген сандық шектеуден асып кеткен жағдайда, АШЖБ автоматты түрде жануарларды карантинге қоюды, БАБЖ АЖ ветеринариялық сертификаттарды беруді бұғаттайтыны айтылған.

Сондай-ақ бұқашықтарды карантинге қоюға шектеу енгізілді:

  • бордақылау алаңдары үшін – 30 000 (отыз мың) бас;
  • тауар өндірушілер үшін – 30 000 (отыз мың ) бас.

Еркек тоқтыларды карантинге қою үшін сандық лимит:

  • бордақылау алаңдары үшін – 30 000 (отыз мың ) бас;
  • тауар өндірушілер үшін – 90 000 (тоқсан мың) бас.

Қазақстан Республикасының аумағынан бұқашықтарды әкетуге квота алу үшін бір бордақылау алаңына арналған лимит жиынтық мөлшерде 500 (бес жүз) бастан аспайды, бір тауар өндіруші үшін – 200 (екі жүз) бастан аспайды.

Құжат 4 сәуірге дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

2022 жылы Қазақстанда ірі қара малды, қой-ешкіні экспорттауға тыйым салынса, биылғы жылдың басынан бастап бұл жануарларды экспорттауға квоталар енгізілді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: