Қазақстанда аналық бас ірі қара мал мен аналық бас ұсақ малды әкетуге салынған тыйым мерзімі ұзартылады
![Ірі қара мал, ұсақ мал, Еуразиялық одақ, мал экспорты, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.03.2023 17:08](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-a150212f-9429-4105-8f09-8a0e4a70adc3/800x450.webp)
Ауыл шаруашылығы министрлігі "Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрық әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстан Республикасының аумағынан аналық бас ірі қара малды және аналық бас ұсақ малды әкетуге 6 ай мерзімге тыйым салу енгізілсін", – деп жазылған құжатта.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық комиссияны шаралар қабылдау туралы хабардар етуге тиіс екені де нақтыланған.
Құжат 9 наурызға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript