Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда ірі қара мен ұсақ малды 6 айға дейін экспорттауға тыйым салынған

Ауыл, көрініс, мал етіне тыйым , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.01.2022 10:29 Сурет: Zakon.kz
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкіметте жасаған баяндамасында азық-түлік бағасын ауыздықтау үшін жедел шаралар қабылданғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz

Ербол Қарашөкеев ел халқын азықпен қамтамасыз ету мақсатында 2022 және 2025 жылдарға арналған жол картасы әзірленіп, жүзеге асып жатқанын мәлімдеді.

Жол картасы шеңберінде азық-түлікпен қамтамасыз ету және ауа райы факторларының ауыл шаруашылығы өндірісіне теріс әсерін болдырмау мәселесін шешу мақсатында егіншілікті нақты әртараптандыру көзделіп отыр.ҚР АШМ Ербол Қарашөкеев

Сонымен қатар ол Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында агроөнеркәсіп кешенді дамытудың 2025 жылға дейінгі ұлттық жобасы шеңберінде, импортты алмастыру жөніндегі шаралар кешені жүзеге аса бастағанын айтты.

Осыған орай Ауыл шаруашылығы министрлігі мынадай жедел шаралар қабылданғанын мәлімдеді:

  • 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін 125  мың тонна күнбағыс тұқымдары мен 110  мың тонна күнбағыс майы экспортына сандық шектеулер егізілді

  • Картоп пен сәбізді экспорттауға 3 ай мерзімге тыйым салынды

  • Ірі қара мал мен ұсақ малды экспорттауға 6 айға тыйым салынды

  • Нан бағасын тұрақтандыру үшін қаңтардан бастап «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ әлеуметтік нан өндіру үшін өңірлерге өткізетін астық құны субсидияланады

 

 

 

Мемле

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: