Азық-түлік бағасын тұрақтандыру қандай шаралар қабылданады
Сурет: Zakon.kz
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев ведомство азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін қандай шаралар қолданатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министр ішкі нарықтағы бағаларды тұрақтандыру үшін Сауда және интеграция министрлігімен бірлесіп, «айналым схемасы» шеңберінде, оның ішінде форвардтық келісімшарттар тетігін дамыту жөніндегі жұмысты жандандыру жолымен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландырудың басымдығы мәселесі пысықталатынын айтты.
Ол оған қосы өңірлік тұрақтандыру қорларының одан әрі жұмыс істеуі туралы мәселе қаралатынын атап өтті.
Негізгі азық-түлік тауарларының теңгерімін қалыптастыру үшін тиісті Қағидалар әзірленіп, бекітіледі, сондай-ақ Сауда және интеграция министрлігімен бірлесіп, қорлар мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бар-жоғы және оның қорлары туралы деректерді автоматтандыру және интеграциялау бойынша жұмыс күшейтіледі. Бұл дұрыс шешімдер қабылдау үшін өнім теңгерімдері бойынша анық деректердің болуына мүмкіндік береді.Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев
Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің сауда желілеріне қол жеткізу проблемасын шешуде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, ірі сауда желілерімен ықпалдасу үшін фермерлерді қолдау тәсілдерін әзірлеу жоспарланған.
Сондай-ақ әзірленетін субсидиялау, жеңілдетілген кредит беру жүйесін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің форвардтық келісімшарттар негізінде өңдеу және сауда кәсіпорындарына тұрақты бағалар бойынша өнім жеткізу жөніндегі қарсы міндеттемелерімен байланыстыру мәселесі пысықталады.Ербол Қарашөкеев
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript